Жаңалықтар

QANSAT ENERGY мерейтойлық KIOGE 2026 көрмесіне қатысты

2026-10-13 19:54

This browser does not support the video element.

2026 жылдың 30 қыркүйегі мен 2 қазаны аралығында Алматыда, «Атакент» ҚІҮО алаңында 30-шы Қазақстандық халықаралық «Мұнай және Газ» көрмесі мен конференциясы — KIOGE 2026 өтті. Ауқымды салалық шара әлемнің 62 елінен 500-ден астам қатысушы компаниялар мен ресми делегациялардың басын қосты. QANSAT ENERGY KIOGE 2026 көрмесіне қатысып, айналмалы жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеу саласындағы құзыреттіліктерін, сондай-ақ мұнай-газ және өнеркәсіп салаларына арналған заманауи шешімдерін ұсынды.

БЕЙНЕЖАЗБА Жетекші технологиялық серіктестермен ынтымақтастық QANSAT ENERGY-мен бірге көрмеге осьтік және ортадан тепкіш компрессорларды өндіруге маманданған серіктесіміз Xi’an Shaangu Power Co., Ltd. компаниясы қатысты. Бірлесіп қатысу компрессорлық технологиялар саласындағы ынтымақтастық бағыттарын көрсетуге, кәсіби тәжірибе алмасуға және серіктестік байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді. Келушілердің ерекше назарын өнеркәсіпті цифрландыру бағыты аудартты. Beijing Bohua Xinzhi Technology Co., Ltd. серіктесімен бірлесіп, жабдықтың техникалық жағдайын мониторингтеуге арналған сенсорлар ұсынылды. Бұл бағытты дамыту QANSAT GROUP-тың өнеркәсіпке заманауи цифрлық технологияларды енгізуге, жабдықтардың жай-күйін бақылауды жетілдіруге және оларды мониторингтеу мүмкіндіктерін кеңейтуге деген ұмтылысын көрсетеді.

Саланы дамытудың жаңа мүмкіндіктері KIOGE 2026 көрмесіне қатысу QANSAT ENERGY үшін мұнай-газ саласының өкілдерімен кәсіби диалог жүргізудің, өзекті технологиялық міндеттерді және ынтымақтастықтың келешегі бар бағыттарын талқылаудың маңызды алаңына айналды. Компания инженерлік-сервистік құзыреттіліктерді дамытуды, халықаралық өндірушілермен серіктестік қатынастарды нығайтуды және өнеркәсіптік жабдықтардың сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи шешімдерді енгізуді жалғастыруда.

QANSAT ENERGY — Қазақстан өнеркәсібі үшін инженерлік сараптама, сенімді сервис және заманауи технологиялар.